БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауыСарыағаш  ауданының «Хадиша АГ» бөбекжай – балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы)Түркістан облысы ,Сарыағаш  ауданы, Дербісек ауылы Түктібаев көшесі №10 ғимарат
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт)Ұялы телефон:+77719646534 Электрон поштасы: umit.primbetova@bk.ru Web сайт. https://hadisha-ag-bb.edu.kz/
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесіПримбетова Үміт Амзеевна «Хадиша АГ» бөбекжай-балабақшасы» ЖШС Жарғысына сәйкес, жалғыз қатысушы Абдрахимов Мұхтар Рахматуллаевичтің 2025 жылғы 14 ақпандағы № 58 бұйрығымен меңгеруші лауазымына тағайындалған.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 24 ақпан 2017ж өткен. БСН 170240031288  
6Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)Мемлекеттік лицензия 02.08.2017 жыл № 0110975DX KZ85RVK00062880 хабарлама берілген. 13.02.2024ж
7Құрылған жылы2016 жыл
8Типтік ғимаратЕкі қабатты типтік
9Топтар саны8 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер: Ӏ ауысым; ӀӀ ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпенЖас ерекшеліктері: 5 жас – МАД топ, 25-30 минут 4 жас — ересек топ, 20-25 минут 3 жас — ортаңғы топ, 15-20 минут 2 жас — кіші топ, 10-15 минут
14МҰД – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 200 балаға арналған. 15.08.2017 жылы №Х.08.Х.KZ57VBS00079424 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша ғимараты 2 қабатты типтік жобада салынған. Балабақша 200 орындық, 8 топ жұмыс жасайды. «Балапан»,  «Еркетай» кіші топтар 2 жас, «Ботақан», «Балдәурен» ортаңғы топтар 3 жас, «Балдырған», «Толағай» ересек топтар 4 жас, «Көгершін», «Қарлығаш» МАД топтары 5 жас, әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 8:00 бастап 18:00 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада 8 топта ойын бөлмелері, жатын бөлмелері, жуынып – шайынатын бөлмелері  бар. Бұдан басқа мед кабинет, акт залы, спорт залы, психолог-логопед кабинеті, асхана, қойма, әдістемелік кабинеті бар. Материалдық – техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі,  кәріз жүйелері  кіргізілген. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі және бейне бақылау камераларымен жабдықталған.  Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте ем-шара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал-сайман жабдықтарымен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, бөлек қоршаулармен бөлінген. Балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.