«Хадиша АГ» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Сарыағаш ауданының «Хадиша АГ» бөбекжай – балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы) | Түркістан облысы ,Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы Түктібаев көшесі №10 ғимарат |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт) | Ұялы телефон:+77719646534 Электрон поштасы: umit.primbetova@bk.ru Web сайт. https://hadisha-ag-bb.edu.kz/ |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі | Примбетова Үміт Амзеевна «Хадиша АГ» бөбекжай-балабақшасы» ЖШС Жарғысына сәйкес, жалғыз қатысушы Абдрахимов Мұхтар Рахматуллаевичтің 2025 жылғы 14 ақпандағы № 58 бұйрығымен меңгеруші лауазымына тағайындалған. |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 24 ақпан 2017ж өткен. БСН 170240031288 |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | Мемлекеттік лицензия 02.08.2017 жыл № 0110975DX KZ85RVK00062880 хабарлама берілген. 13.02.2024ж |
| 7 | Құрылған жылы | 2016 жыл |
| 8 | Типтік ғимарат | Екі қабатты типтік |
| 9 | Топтар саны | 8 топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер: Ӏ ауысым; ӀӀ ауысым |
| 13 | Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпен | Жас ерекшеліктері: 5 жас – МАД топ, 25-30 минут 4 жас — ересек топ, 20-25 минут 3 жас — ортаңғы топ, 15-20 минут 2 жас — кіші топ, 10-15 минут |
| 14 | МҰД – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 200 балаға арналған. 15.08.2017 жылы №Х.08.Х.KZ57VBS00079424 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
Балабақша ғимараты 2 қабатты типтік жобада салынған. Балабақша 200 орындық, 8 топ жұмыс жасайды. «Балапан», «Еркетай» кіші топтар 2 жас, «Ботақан», «Балдәурен» ортаңғы топтар 3 жас, «Балдырған», «Толағай» ересек топтар 4 жас, «Көгершін», «Қарлығаш» МАД топтары 5 жас, әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 8:00 бастап 18:00 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада 8 топта ойын бөлмелері, жатын бөлмелері, жуынып – шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа мед кабинет, акт залы, спорт залы, психолог-логопед кабинеті, асхана, қойма, әдістемелік кабинеті бар. Материалдық – техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері кіргізілген. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі және бейне бақылау камераларымен жабдықталған. Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте ем-шара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал-сайман жабдықтарымен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, бөлек қоршаулармен бөлінген. Балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.